Samsung Wallet

Құжаттарды Wallet-те сақтаңыз

Ең маңыздылардың барлығын бір қосымшада сақтаңыз:
банктік және клуютық карталардан бастап отырғызу
талондарына, куәлік және кеңсе кілтіне дейін.

Samsung Pay

Samsung Pay — бұл қолма-қол ақша және картасыз телефон
немесе сағатпен төлеудің жылдам және қауіпсіз тәсілі. Сервис
банк карталарын қорғалған сандық әмиянда сақтауға және
бүкіл әлем бойынша терминалдарда бір жанасумен төлеуге
мүмкіндік береді.

Смарт-сағаттарымен қалай төлеуге болады

Банк картасын қосып және ПИН-кодты ойлап табу керек

pay pay

Қалай тіркелуге болады

Samsung Pay-ды қолдану үшін Samsung аккаунтын жасап
және тіркеу қажет.

Банк картасын қалай байланыстырып қоюға болады

Картаны сервиске бірнеше тәсілмен қосуға болады — NFC
немесе смартфонның камерасы көмегімен, не деректерді
қолмен енгізу

Смартфонмен қалай төлеуге болады

Төлем процесі үш кезеңнен тұрады: экранды сырғытыңыз,
саусақ ізіңізбен немесе ПИН- кодыңызбен кіріңіз
және құрылғыңызды терминалға жақындатыңыз.

Сіздің төлемдеріңіз - сенімді қорғалған

Samsung Wallet арқылы жүргізілетін барлық операциялар Galaxy үшін Knox
қауіпсіздік платформасымен қорғалған.

Уайымдаудың қажеті жоқ: деректеріңіз сақталмайды.
Беру кезінде өтпелі шифрлау қолданылады, ал шифрды ашу кілті тек қорғалған Galaxy қоймасында сақталады.

Samsung Rewards-пен өз сатып алуларыңыздан пайда табыңыз

Сүйікті тауарларыңызды сатып алыңыз және Samsung Rewards
бейілділік бағдарламасында ұпай жинаңыз, содан кейін
оларды samsung.kz -те жұмсаңыз.

Өз сатып алуларыңыздан қалай пайда таба бастау керек?

Жеңілдік карталары

Samsung Wallet жеңілдік карталары барлық бонустық және
жеңілдік карталарыңызды бір жерде — тікелей
смартфоныңызда сақтауға мүмкіндік береді.
Кассада енді қажетті картаны іздеудің қажеті жоқ:
тек Wallet-ті ашып, картаңызды экранда көрсетіңіз.
Ұпайларыңыз, жеңілдіктеріңіз және арнайы ұсыныстарыңыз
әрқашан қолыңызда, ал картаны қосу бірнеше секундты алады.

NFC рұқсат картасы

Пәтеріңіздің, кіре берістің немесе кеңесе кеңсе рұқсатнамасынының
ақылды кілтін Wallet-те сақтаңыз және смартфоныңызды бір рет басу
арқылы есіктерді ашыңыз.
Samsung Wallet күнделікті өміріңізді жеңілдетуге көмектеседі —
қосымша карталар, кілт ілгіштер немесе рұқсатнаманы үйде ұмытып кету қаупі жоқ.

NFC рұқсат картасын қосу туралы Нұсқаулық

Автокөлік кілттері

Samsung Wallet-тегі автокөлік кілттерімен сіз тікелей Galaxy смартфонынан көлікті аша, жаба және оталдыра аласыз.
Жеке функциялар, соның ішінде басқаларға қол жетімділікті беру, автокөлік үлгісіне және аймаққа байланысты қол жетімді.

Аяқталды

Аяқталды

Жеке куәлігіңізді Samsung Wallet-ке қосыңыз

Samsung Wallet жаңа мүмкіндіктерінің арқасында жеке
куәлігіңіздің сандық нұсқасы әрқашан қолыңызда болады.

Samsung Wallet-ке жеке куәлікті қалай қосуға болады

Samsung Wallet-пен еш қиындықсыз саяхаттаңыз

Ұшақ, пойыз және автобус билеттерін тікелей қолданбаға қосыңыз.
Сапар уақыты туралы еске салғыштарды алыңыз және жылдам отыру
үшін телефон экранынан QR кодын сканерлеңіз.
Поштадан ештеңе басып шығарудың немесе іздеудің қажеті жоқ:
Samsung Wallet көмегімен сізге қажет нәрсенің бәрі бір қолданбада сақталады.

Жылдам және қауіпсіз сәйкестендіру

Құпия сөздерді енді ойыңызда немесе жазбаларыңызда
сақтаудың қажеті жоқ: Samsung Pass -ты қолданып көріңіз. Әртүрлі қолданбалар мен қызметтерге кіру үшін қарапайым және қауіпсіз биометриялық сәйкестендіруді пайдаланыңыз.

Серіктестер

BCK Altyn Forte Bank Alatau Eurasian bank Halyk Bank Home Credit Bank RBK Silk Freedom Finance Bereke Bank

FAQ

FAQ

Samsung Wallet —бұл банк карталарын, көлік билеттерін,
отырғызу талондарын және басқа да құжаттарды сақтауға
мүмкіндік беретін ыңғайлы және қауіпсіз қолданба.
Төлем жасау немесе кіру үшін смартфоныңызды
терминалдың жанында ұстау жеткілікті.

Samsung Wallet қолданбасын ашып, «Картаны қосу» басып,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Картаны сканерлеуге
немесе мәліметтерді қолмен енгізуге болады. Банкіңіз
растағаннан кейін карта пайдалануға дайын болады.

Samsung Wallet Қазақстандағы көптеген ірі банктердің карталарын
қолдайды. Серіктестердің толық тізімін қолданбадан немесе
Samsung ресми сайтынан табуға болады.

Иә, бұл толығымен қауіпсіз. Samsung Wallet токенизация технологиясын
пайдаланады — карта деректері құрылғыда сақталмайды немесе сатушыға
берілмейді. Әрбір транзакция саусақ ізі, ПИН-код немесе бет-әлпетті тану арқылы қорғалған.

Иә. Samsung Wallet арқылы дүкендерде төлемдер офлайн
режимінде жұмыс істейді, себебі карта деректері құрылғыда
шифрланған түрде сақталады. Интернетке кіру тек жаңа картаны қосу немесе ақпаратты жаңарту үшін қажет.